Ағымдағы жылғы 26 маусымда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Астана қаласының техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамыту тиімділігін бағалаудың қорытындысы шығарылды.
Жалпы алғанда, «Кәсіби-техникалық колледжі» КММ және «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК мамандарды даярлауға, қайта даярлауға және мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған қызметі техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.
Колледждердің штаттық кестесі Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарына және педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесіне сәйкес келмейтіні анықталды.
Жекелеген жағдайларда әлеуметтік қорғалатын азаматтар санатындағы студенттерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша шығындар нормалары бұзылуда.
Бұдан басқа, «Кәсіби-техникалық колледжі» КММ ғимараты 2009 жылдан бері елорданың коммуналдық меншігіне қабылданбаған. Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға және ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.