Ағымдағы жылғы 10 шілдеде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК жергілікті бюджет қаражаты және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалаудың қорытындысы шығарылды.
Тексеру комиссиясымен Кәсіпорын қызметінің Астана қаласын және қала маңындағы елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру бойынша өмір тіршілігін қамтамасыз етуге, су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің тауарлары мен қызметтерін ұсынуға бағытталғаны, оның квазимемлекеттік сектор субъектісін құрудың Жарғысы, негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетіні анықталды.
Сонымен бірге, Кәсіпорын жұмысында амортизациялық аударымдарды есептеу дұрыстығы және олардың әр түрлі экономикалық көрсеткіштерге, атап өтсек бекітілетін инвестициялық жобалар көлеміне кері әсер етуі бөлігінде жекелеген кемшіліктер атап өтіледі.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға және ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.