Ағымдағы жылғы 29 шілдеде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Астана қаласының Құрылыс басқармасына жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы шығарылды.
012 бюджеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан барлық нысандар алғашқыда бекітілген мерзімдерде аяқталмады. Аяқталуға тиісті 30 нысаннан бақылау кезеңінде мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілерімен тек 15 нысан қабылданды.
Жекелеген құрылыс нысандарында жобалық-сметалық құжаттамаларды түзетусіз қосымша қабаттарды үстіне салу жүргізілген. Сапасыз орындалған жұмыстардың көптеген фактілері анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.