Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Астана қаласының «Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін бақылаудың қорытындысы шығарылды.
Тексеру комиссиясы Кәсіпорынның қызметі Жарғыға және квазимемлекеттік сектор субъектісін құрудың негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетінін атап өтті.
Сонымен бірге, Кәсіпорын жұмысының жекелеген бағыттары бойынша жұмыстарының жеткіліксіздігі байқалады, бұл Қазақстан Республикасының бюджеттік есеп туралы, мемлекеттік сатып алулар және басқа да заңнамаларының бұзушылықтарына алып келді.
Отын шығынын есептеудің қолданылып отырған әдісін талдау кезінде жағылған отын мен жылу қуатын бөлу мөлшерін күн сайынғы есептелуі Кәсіпорынмен жүргізілмейтінін көрсетті.
Сонымен қатар, Кәсіпорын Тексеру комиссиясының бұдан бұрын жолдаған ұсыныстарын назарға алмай, табиғи монополияның субъектісі бола тұра, сондай-ақ қызметтерді сату Кәсіпорынның жалғыз табыс көзі екенін есепке алғанда, жеке және заңды тұлғалар үшін өз қызметтері тарифтерін дифференциациялау арқылы жүргізу бойынша шаралар қолданған жоқ.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.