Ағымдағы жылғы 26 желтоқсанда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында «Астана қалалық жарық» ЖШС мемлекет активтерінің пайдаланылу және басқарылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы шығарылды
Тексеру комиссиясымен Серіктестіктің қызметі Астана қаласының көшелеріндегі жарықтандыру желілеріне қызмет көрсетуге, техникалық пайдалануға, жөндеуге және салуға бағытталғаны, бұл квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғысына және оны құрудың негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетіні атап өтіледі.
Сонымен қатар, Серіктестіктің бухгалтерлік есепті жүргізуде жеткіліксіз жұмысы байқалады, ол өз кезегінде қолданыстағы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама нормаларына сәйкес, тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу кезінде қаржылық есептілікте мәліметтерді бұрмалауға алып келді.
Серіктестікпен құрылыс жобаларын орындау нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеусіз жүзеге асырылуда, бұл Серіктестіктің қисынсыз жоғары шығындарына және зияндылығына алып келеді.
Серіктестіктің маңызды мәселесі қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалануға жеткіліксіз бақылау, сондай-ақ энергия үнемдеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру бөлігінде шығындарды басқарудың төмен деңгейі болып табылады.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.