Астана қ. «04» ақпан 2013 ж.

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы» ҚБ Астана қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Оралов Мейрамбай Әскербайұлы тұлғасында, бір тараптан және «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы), Молдаш Ғалымжан Өмірәліұлы төрағасы тұлғасында, келесі тараптан бюджет қаражатының пайдаланылуына қоғамдық бақылау саласында өзара әрекет етудің механизмін дамыту және жетілдіру мақсатында ынтымақтастық орнатуға ұмтыла отырып, Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында бюджеттік-қаржы процесіне ұқыпты және саралай қарау туралы тапсырмасын орындау үшін, халық игілігі үшін қоғамдық келісі мен саяси тұрақтылық және экономикалық дамудың негізгі конституциялық принциптерін ұстана отырып, Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамыту жолын ортақ ұстанатындықтарын растай отырып, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы тең құқықтылық пен сындарлы диалогты мемлекеттік қаржы бақылауының тиімділігін арттыруда жүйелі шешімдер іздеудің тиімді құралы деп танып, келесілер жөнінде келісімге келді:

1-бап

Тараптар арасындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Конституциясын және қолданыстағы заңнаманы сақтау, жариялылық, өзара сенім және басқа Тараптың ішкі істеріне кірісуге жол бермеу принциптеріне негізделіп, жүзеге асырылатын болады.

2-бап

Өз әлеуеттерін келесілер үшін жұмылдыруды Тараптар өздерінің ынтымақтастығының негізгі мақсаты деп белгілейді:

  1. бюджет қаражатын, байланыстырылған гранттар мен мемлекет кепілдік берген займдарды және мемлекет активтерін пайдалану, мемлекеттік сатып алу саласында жемқорлық көріністерінің фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін нақты және уақытылы қарауды, сондай-ақ осындай фактілер бойынша шұғыл шаралар қолдануды дұрыс жолға қоя отырып, облыстық Тексеру комиссиялары мен Партиялық бақылау комиссиялары және «Нұр Отан» партиясының аймақтық және аумақтық филиалдары жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестер арасында заңнамада бекітілген тәртіпте өзара әрекет ету;
  2. Мемлекеттік және басқа да қорғалатын құпиялар туралы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, бюджеттік заңнаманы бұзу мәселелері бойынша ақпараттар алу және алмасу;
  3. бюджет қаражатын, байланыстырылған гранттарды, мемлекет кепілдік беріп отырған займдар мен мемлекет активтерін пайдалану барысында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясына мүше лауазымды тұлғалар тарапынан бюджеттік заңнаманы бұзу фактілеріне қатысты ақпараттар бойынша шаралар қолдану;
  4. мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіруге, бақылау жасау іс-шараларының сапасын арттыруға және мемлекеттің қаржылық ресурстарын басқаруды жақсарту ісінде Тараптар әрекетін қарқындатуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу;
  5. бюджет қаражатын, байланыстырылған гранттарды, мемлекет кепілдік берген займдар мен мемлекет активтерін пайдалану тәжірибесін зерттеу және талдаулар жасау арқылы бюджет жөніндегі заңнаманы бұзу проблемаларын шешудің оңтайлы жолын бірлесе іздеу;
  6. жергілікті бюджет бағдарламаларын (кіші бағдарламаларды) орындау тиімділігі мен нәтижелілігін, сондай-ақ мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламалардың іске асырылуын бағалау саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  7. бюджет қаражатын, байланыстырылған гранттарды, мемлекет кепілдік берген займдар мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін арттыру саласында білесе отырып, жұмыс бабындағы кездесулер, семинарлар, конференциялар ұйымдастырып, өткізу мәселелері бойынша өзара әрекет ету;
  8. бюджеттік заңнаманың орындалуын тексеру нәтижелерін және бірлестікте өткізілген іс-шараларды БАҚ-та, соның ішінде партиялық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара әрекет ету.

3-бап

Қажет болған жағдайда жазбаша құжат жасау жолымен осы Меморандумға Тараптардың өзара келісімі бойынша Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

4-бап

Осы Меморандум Тараптар қол қойған күннен бастап өз күшіне енеді.

5-бап

Осы Меморандум шексіз мерзімге жасалған және бір Тарап келесі Тарапқа Меморандумның қолданысын тоқтату жөніндегі өз ниеті туралы жазбаша мәлімдеме жолдамайынша қолданыста балады. Тараптардың бірі тиісті мәлімдемені жолдаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен күннен бастап Меморандумның қолданысы тоқтады деп танылады.

6-бап

Астана қаласында 2013 жылғы « 4 » ақпанда Тараптардың әрқайсысы үшін түпнұсқалық екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған.

«Нұр Отан» ХДП
Астана қалалық филиалының
төрағасының орынбасары
М.Ә. Оралов
«Астана қаласы бойынша
Тексеру комиссиясы»
мемлекеттік мекемесінің төрағасы
Ғ.Ө. Молдаш