Әдеп жөніндегі уәкілі

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бұзушылықтарының алдын алу бойынша қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға өз функцияларының шеңберінде консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Сіздерді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі тарауында көруге қуаныштымын.

2018 жылғы 23 тамыздан бастап әдеп жөніндегі уәкіл болып табыламын.

Өзім туралы: 1981 жылы Тараз қаласында дүниеге келдім, мемлекеттік қызметте, оның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында 15 жылдан астам жұмыс істеймін.

Еңбек жолын жетекші маманнан бастап, бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқардым. Қазіргі уақытта Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымын атқарудамын.

Мемлекеттік қызметшілермен Әдеп кодексінің,  мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының нормаларын бұзушылық фактілері туралы 72-92-68, +7-701-212-53-03 сенім телефонына хабарлай аласыздар немесе бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес қабылдауға жазылуларыңызға болады.

ҚАБЫЛДАУ КҮНІ, УАҚЫТЫ

АПТА САЙЫН СӘРСЕНБІ КҮНДЕРІ

САҒАТ 15.00-ДЕН 16.00-ГЕ ДЕЙІН, 508-КАБ.

ТЕЛЕФОН: 72-92-68, +7-701-212-53-03.