2019 жылғы 5 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында тұрғын үй құрылысы бойынша көзделген тетіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы тұрғын үй құрылысы бойынша көзделген тетіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қарап, тұтастай алғанда оларды пайдалану «Нұрлы жер» бағдарламасында және құрылтай құжаттарында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтеді.

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында апаттық тұрғын үйді сүріп тастау пилоттық жобасын іске асыру тетігі шеңберінде жобаны қайта инвестициялау мақсатында нарықта өткізу үшін шағын тұрғын үйлер мен жайлылығы І-IV сыныпты кеңсе үй-жайлары мен паркингтері бар тұрғын үйлерді салу жүзеге асырылуда. Пилоттық жобаның бірінші кезеңін іске асыру 2012 – 2017 жылдары жүзеге асырылды, оның шеңберінде «Елорда даму» ЖШС апатты үйлерден отбасыларды көшіру үшін коммуналдық меншікке 28,7 млрд. теңге жалпы сомасына 3 471 пәтер және 614,4 млн. теңге жалпы сомасына 48 тұрғын емес үй-жай берді. Пилоттық жобаның екінші кезеңін 2018 – 2022 жылдар кезеңінде іске асыру болжанған, іске асыру кезінде пайдалануға берілген тұрғын үйдің 10%-ын коммуналдық меншікке беру көзделіп отыр. 2018 жылы коммуналдық меншікке жалпы ауданы 4 267 шаршы метр немесе құрылыстың жалпы көлемінің 12,1%-ы берілді.

Астана қаласындағы тұрғын үй құрылысының проблемалық объектілерін аяқтауды қаржыландыру тетігі шеңберінде 2019 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Астана қаласы әкімдігінің ведомствоаралық комиссиясы «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-ға (бұдан әрі - «ЕҚК» ЖШС) тұрғын үй құрылысының проблемалық объектілерін аяқтау бойынша жалпы саны 10 592 үлескер болатын 29 тұрғын үй кешенін аяқтауды ұсынды. «ЕҚК» ЖШС тексерілген кезеңде 3 проблемалық нысанды салып бітіруді бастады.

Сонымен қатар, аудит Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үй құрылысы тетіктерінің бірқатар кемшіліктері бар екенін көрсетті.

Осылайша, «Нұрлы жер» бағдарламасында пилоттық жоба аясында салынған мемлекеттік инвестициялардың қайтарымдылығы қарастырылған. Алайда, қазіргі уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасының шарттарына сәйкес міндеттемелер көлемін, салынған мемлекеттік инвестицияларды қайтару тәртібі мен шарттарын бекіту бойынша «Елорда даму» ЖШС мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастарды белгілейтін құжат жоқ. Бұл ретте жобаны іске асыруға жалпы сомасы 40 млрд. теңге бюджет қаражаты бөлінді.

Мұнымен қоса, пилоттық жоба шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға абаттандыруды жүзеге асыруды, көзделген құрылыс объектілеріне инженерлік желілер тартуды және олардың құрылысына жер учаскелерін босатуды бекіту жұмыстарды аяқтауда үйлесімділіктің болмауына және аяқтау мерзімдерінің ұлғаюына, сондай-ақ абаттандыру бойынша жұмыстарды кешірек жүзеге асырған жағдайда «Елорда даму» ЖШС құрған конструкциялардың бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Абаттандыру, инженерлік желілерді салу және олардың құрылысына жер учаскелерін босату пилоттық жобасы шеңберінде жүзеге асыру бюджет үшін айтарлықтай жүктеме болып табылады, сондықтан біздің ойымызша, барынша оңтайландыруды талап етеді.

Пилоттық жоба шеңберінде абаттандыруды, көзделген құрылыс объектілеріне инженерлік желілер тартуды және олардың құрылысына жер учаскелерін босатуды жүзеге асыру бюджет үшін айтарлықтай жүктеме болып табылады, сондықтан, біздің ойымызша, барынша оңтайландыруды талап етеді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үй құрылысының проблемалық нысандарын аяқтау тетігінде мынадай кемшіліктер бар:

- Проблемалық объектілерді аяқтаудың бекітілген тәртібінде қаржылық және заң аудиті ұғымдары жоқ және оларды 2018 жылғы 22 маусымдағы «Нұрлы жер» бағдарламасында қарастырылғандай жүргізу көзделмейді;

- Проблемалық объектілерді аяқтаудың бекітілген тәртібіне сәйкес кез келген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, оның ішінде тиісті талдау жүргізу үшін қажетті ресурстары жоқ тұлғалар консалтингтік компания бола алады. Нәтижесінде ТҚК және/немесе Тапсырыс берушінің жеке тұлғаларға объектідегі үлесті беру бойынша міндеттемелері туындайтын шарттар (мәмілелер) тізбесін талдау сенімділігінің жеткілікті деңгейіне кепілдік бере алмайтын консалтингтік компанияларды тартуға жол беріледі;

- тетікті іске асыру үшін қажетті қаражатты жоспарлаудың тиімсіздігі. Осылайша, бөлу қарастырылған 40 млрд.теңгеден 2019 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 20 млрд. теңге бөлінген, оның 153,5 млн. теңгесі ғана игерілді. Алайда, «ЕҚК» ЖШС-ға бөлінген қаражаттың мөлшерін негіздейтін есептеулер жоқ. Сонымен бірге, «ЕҚК» ЖШС-дан алынған түсіндірмелерге сәйкес, ірілендірілген есеп айырысу тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ведомствоаралық комиссиясы ұсынған 29 проблемалық нысанның құрылысын аяқтау үшін 275,7 млрд. теңге қажет екендігін көрсетеді;

- Проблемалық объектілерді аяқтау тәртібінде техникалық аудит және шарттар тізбесін талдау жөніндегі жұмыстар кімнің есебінен жүзеге асырылуы тиіс екендігі айқындалмаған. Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды кейбір жағдайда «ЕҚК» ЖШС есебінен, ал кейде ТҚК және/немесе Тапсырыс берушінің есебінен жүргізу фактілері қосымша шығынға ұшыраған үлескерлер тарапынан наразылық тудыруы мүмкін;

- Проблемалық объектілерді аяқтау тәртібінде бөлінген қаражатты қайта инвестициялау көзделсе, ал «Нұрлы жер» бағдарламасында қайта инвестициялау көзделмеген. Бұл ретте қаражатты пайдалану мерзімі «Бәйтерек девелопмент» АҚ-мен нысаналы қарыз шартына сәйкес 4 жылды құрайды, бұл объектілер құрылысының және бос үй-жайларды өткізудің ұзақтығын ескере отырып, босатылатын ақша қаражатын қайта инвестициялау үшін жеткіліксіз.

Бұдан өзге, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымдарының («Елорда даму» ЖШС және «ЕҚК» ЖШС) құрылтай құжаттарының, ұйымдастыру құрылымдарының, кадр саясатының және еңбекақы төлеу жүйесінің кемшіліктері анықталды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының құрылыс қызметі, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамада жүйелі сипаттағы емес және жекелеген жағдайларда әкімшілік жауапкершілікке әкеп соққан бұзушылықтардың жекелеген фактілері анықталды.

Тұтастай алғанда, аудит нәтижелері бойынша 1,4 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар (аудит барысында есепке алу бойынша қалпына келтірілді), жалпы сомасы 19,5 млрд. теңгеге квазимемлекеттік сектор активтерін тиімсіз жоспарлау, сондай-ақ 29 рәсімдік бұзушылық пен 20 кемшілік анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен қаулы қабылданды және тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама нормаларын бұзу фактілері бойынша материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.