Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды бағалау шеңберінде жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және ішкі саясат саласындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары

2021 жылғы 11 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды бағалау шеңберінде жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және ішкі саясат саласындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары талқыланды, оның қорытындысы бойынша тексерілген ұйымдар тарапынан дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуы қойылған мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылғаны және белгілі бір әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізілгені атап өтілді.

Сонымен қатар, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру барысында белгілі бір бұзушылықтар мен кемшіліктер орын алды.

Осылайша, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде көзделген дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру кезінде 233 255,0 мың теңге сомасында немесе дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде 470 адамға жастар практикасын ұйымдастыруға бөлінген 94,6% бюджет қаражатының игерілуі қамтамасыз етілмеді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы) қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, «Еңбек» бағдарламасының іс-шараларын іске асыру кезінде:

- «Еңбек нарығы» ААЖ-да мемлекеттік гранттар алған «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар туралы мәліметтер орналастырылмаған;

- мемлекеттік гранттар алған «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар туралы деректерді салық органдарына беру уақтылы жүзеге асырылмаған;

- «Еңбек» бағдарламасына қатысушылардың өтініштері мен құжаттарын комиссия қарауына жіберу мерзімдері сақталмаған;

- Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) жастар практикасы және қоғамдық жұмыстар бойынша бекітілген нысандар мен мерзімдерге сәйкес есептілік ұсынылмаған;

- электрондық еңбек биржасында қоғамдық жұмыстар мен жастар практикасын ұйымдастырған жұмыс берушілердің санын, қоғамдық жұмыстар мен жастар практикасына жұмысқа орналастырылғандардың санын, сондай-ақ қоғамдық жұмыстар мен жастар практикасына жұмысқа орналастырылғандардың орташа айлық жалақысының мөлшерін қамтитын жастар практикасы мен қоғамдық жұмыстар жөніндегі мәліметтер орналастырылмаған.

«Еңбек нарығы» ААЖ пайдалану тиімділігін бағалау белгілі бір кемшіліктердің бар екенін көрсетті, олар:

- реттелетін диапазоны бар ізденушілердің деректерін (жынысы бойынша, тегі, аты және әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, телефоны, білімі, бар мамандығы, қалаған лауазымы, тіркелген күні, тіркеу түрі және жұмыспен қамту шараларына қатысуы, сондай-ақ зейнеткерлік жас алдындағы және жас ізденушілер бойынша мәліметтер) түсіру мүмкіндігі қарастырылмаған;

- «Жұмыс орындарын құру мониторингінің интеграцияланған картасы» ақпараттық кіші жүйесінде ЖҚЖК шеңберінде жұмысқа орналастырылған адамдардың деректерін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде түсіру мүмкіндігі қарастырылмаған.

Басқарма мен Жұмыспен қамту орталығының интернет-ресурстарын жүргізу осыған ұқсас кемшіліктермен жүзеге асырылады, олар:

- Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне және өзге де құжаттарға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ресми интернет-ресурста мәліметтерді өзектілендіру бойынша жұмыс уақтылы жүргізілмейді, бұл сайып келгенде қызметтің ашықтығын, халық үшін тиісті ақпараттың толықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етілмеуіне алып келеді;

- Басқарманың және Жұмыспен қамту орталығының интернет-ресурстарында нашар көретін адамдарға арналған нұсқа қол жетімсіз, өз кезегінде, мүмкіндіктері шектеулі адамдармен жұмыс істеу олардың ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Басқарма бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту кезінде ҚР бюджет заңнамасының бұзушылықтарына жол берген. Сонымен қатар, жекелеген бұзушылықтардың себебі көрсеткіштердің базалық тізбесі мен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту қағидалары арасындағы сәйкессіздік болып табылды.

Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту кезінде ҚР бюджет заңнамасындағы кемшіліктер мен бұзушылықтарға жол берген. Сонымен қатар, Ішкі саясат басқармасы аудит жүргізу кезінде 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын өзектендіруді қамтамасыз етпеген.

Аудит Әлеуметке қосу орталығының қызметі оның Жарғымен бекітілген міндеттер мен функцияларға сәйкес келетінін және қызмет алушыларды қоғамдағы қалыпты өмірге қайтаратын, жоғалған әлеуметтік мәртебені қалпына келтіруге бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсетуге, елордада қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға және криминогендік жағдайды төмендетуге бағытталғанын көрсетті.

Сонымен қатар, 2020 жылы Әлеуметке қосу орталығы тарапынан бюджет шығыстарын жоспарлау, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде жекелеген бұзушылықтарға жол берілді. Одан басқа, ұсынылған әлеуметтік көмекті мониторингілеу және есепке алу үшін «Е-Собес» ААЖ базасына орталыққа жүгінген өмірлік қиын жағдайда қалған адамдардың өтініштерінен деректер енгізілмеген.

Жалпы аудит нәтижелері бойынша 204,6 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде қалпына келтірілуі тиіс 196,7 мың теңге (аудит барысында толық қалпына келтірілді) және өтелуі тиіс 7,9 мың теңге (аудит барысында толық өтелді), 11 жүйелік және 24 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Дағдарысқа қарсы шаралар аудиті шеңберінде 9 жүйелік және 23 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудит нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Әлеуметке қосу орталығының аудит материалдары қаржылық есептілікті бұрмалау фактісі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі аудит департаментіне жолданды. Бекітілген заттай нормалардан асып түсу ретінде орын алған бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану фактісі бойынша Әлеуметке қосу орталығының директоры әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясы тапсырмалар мен ұсынымдар әзірлеп, аудит объектілеріне жіберді.