Баспасөз парағы

2022 жылғы 14 желтоқсанда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламаларын іске асыру қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) және жалпы ведомстволық бағынысты ұйымдар өмірлік қиын жағдайға тап болған адамға (отбасына) көрсетілетін қызметтер кешенін, туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайлар жасауға және олардың қоғамда басқа азаматтармен тең өмір сүруге қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған біркелкі жұмыс жүргізілетінін көрсетті.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудит көрсеткіштері шеңберінде жүргізілген аудит бірқатар кемшіліктер мен бұзушылықтарың, және Басқарма қызметінің тиімділігін арттыру үшін резервтердің мүмкіндіктерін анықтады.

Мысалы, Басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымдарда қызметтер мен міндеттерін орындау кезінде кемшіліктер орын алады. Ішкі құжаттарды әзірлеу және бекіту кезіндегі бұзушылықтар анықталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспардың (бұдан әрі –Ұлттық жоспар) көзделген 11 іс-шарасының тиісінше және сапасыз орындалғаны атап өтіледі. Бұл ретте Басқармада 2020 жылға арналған 15 іс-шараның және 2021 жылға арналған 9 іс-шараның орындалуы туралы ақпарат жоқ. Қала жұмыс берушілеріне жұмыс орындарына квота белгілеу жолымен мүгедектерді жұмысқа орналастыру тиімсіз жағдайында Басқарма Ұлттық жоспардың 37-тармағын орындау аясында Әлеуметтік қорғау министрлігіне мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталаудың қосымша немесе балама шараларын енгізу жөнінде ұсыныстар жібермеген.

Сондай-ақ, Басқарманың «Қазақстан Республикасында мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру» функциясын тиісінше орындалмағанын атап өтеді. Мысалы, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу; мүгедектігі бар адамдардың мәдени-ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу түрінде жасалған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері болған кезде (ӘҚБтК-нің 83-бабы) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 725-бабына сәйкес материалдарды уәкілетті органның қарауына жіберуге бастамашылық жасамаған.

Аудит көрсеткендей, Автоматтандырылған ақпараттық жүйеде әзірленген және енгізілген әлеуметтік қызметтер Порталының бірқатар кемшіліктері бар. Алайда, Басқарма оны жетілдіру, қызмет көрсетудің ашықтығы мен уақытында қамтамасыз ету туралы ұсыныстарды жіберген жоқ.

Басқарма қызметкерлердің жалақысына қосымша ақы төлеуге бөлінген жоғары тұрған бюджет қаражатын пайдалану кезінде Ұлттық қордан 48 179,8 мың теңге (2021 жылы – 47 124,5 мың теңге, 2022 жылы - 1 055,3 мың теңге) және республикалық бюджет трансферттерінен - 7 932,9 мың теңге (2020 жылы - 4 498,1 мың теңге, 2021 жылы – 248,0 мың теңге, 2022 жыл- 3 186,8 мың теңге) мақсатсыз пайдалануға жол берілген.

Сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) кезіндегі кемшіліктер анықталды. Басқарма мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдары жүзеге асыратын мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді айқындайтын бірқатар нормативтік құқықтық актілерді (бұдан әрі – НҚА) көрсетпеді.

Бұл ретте, 2020 - 2022 жылдарға арналған 006 бюджеттік бағдарламасы бойынша «Жанұя» орталығын ұстау үшін нормативтік құқықтық негіз жоқ. Сонымен қатар, Басқарма бюджеттік жүйенің негізділігі Қағидатын бұза отырып, «Жанұя» орталығы 3 жыл бойы бос лауазымдарды ұстауға арналған шығыстарды 71 046,0 мың теңге сомасына қаржыландырған.

Ведомстволық бағынысты ұйымдар алған кірістерді талдау кезінде «Шарапат» орталығы 2020 жылы Астана қаласындағы бір банкте («АТФБанк» филиалы) уақытша 50 000,0 мың теңге сомасында бос қаражатты орналастыру бөлігінде бұзушылықтар анықталды.

Оңалту орталығында жалпы сомасы 728,8 мың теңге санаторий-курорттық емдеу бойынша көрсетілмеген қызметтерді орындалған жұмыстар актілеріне негізсіз енгізу жағдайлары анықталды.

Бұрын сатып алынған медициналық бұйымдар мен басқа да негізгі құралдарды тиімсіз пайдалану сомасы 132 527,2 мың теңге («Қамқор» орталығы – 126 984,4 мың теңге, Оңалту орталығы – 3 721,6 мың теңге, «Жанұя» орталығы – 1 693,6 мың теңге, «Шарапат» орталығы – 127,6 мың теңге) жарғылық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылмайтыны анықталды.

Бұдан басқа, «Қамқор» орталығы 25 062,7 мың теңге сомасына (2020 жылы - 9 650,0 мың теңге; 2021 жылы – 8 962,8 мың теңге; 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында – 6 449,9 мың теңге) дәрі-дәрмектер сатып алуы тиімсіз пайдалануға алып келді, пайдаланылмаған қалдықтары жылдан жылға артып келе жатқан зейнетақы төлемдерінің 70 % есебінен сатып алуға болатын (2020 жылы – 61 028,1 мың теңге; 2021 жылы - 134 312,8 мың теңге; 2022 жылдың 1 мауымына -180 623,0 мың теңге).

Бухгалтерлік есепті жүргізуде, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормалары мен талаптары бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ, «Жанұя» орталығы 2021 жылы жалға берілетін ғимараттың ағымдағы жөндеу жұмыстарына (шарт талаптарымен регламенттелмеген) 3 597,3 мың теңге сомасында бюджет қаражатын негізсіз пайдаланған.

Бұдан басқа, жалақы аудитін жүргізу кезінде қосымша ақылар, үстемеақылар, аурухана парақтары бойынша артық төлемдер, жыл сайынғы еңбек демалыстары бойынша артық төлемдер және жалпы сомасы 16 646,85 мың теңгеге негізсіз сыйақы төлеу анықталды («Қамқор» орталығы – 8 067,9 мың теңге, «Жанұя» орталығы-6 706,9 мың теңге, «Шарапат» орталығы -1 385,5 мың теңге, Оңалту орталығы-486,55 мың теңге).

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 225 671,2 мың теңгені құрады, оның ішінде: бюджет қаражатын пайдалану кезінде жергілікті бюджеттің кірісіне өтелуге тиіс 17 568,9 мың теңге (Тексеру комиссиясының отырысына дейін 9 428,1 мың теңге өтелді), республикалық бюджеттің кірісіне 56 112,7 мың теңге сомаға бюджеттік заңнаманы және өзге де заңнаманы бұзушылықтар, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнаманы бұзушылықтар бойынша қалпына келтіруге тиіс 151 989,6 мың теңге (Тексеру комиссиясының отырысына дейін– 151 886,6 мың теңге қалпына келтірілді).

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 005 649,7 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау анықталды, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты - 389 994,9 мың теңгені, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда сомасы - 2 606,5 мың теңгені құрады, сондай-ақ 107 рәсімдік бұзушылықтар және 47 жүйелік олқылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданды, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.