Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасында және оның жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындылары

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасында және оның жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдарында 2016 жыл және 2017 жылғы 4 ай бойынша жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындылары, жалпы алғанда Астана қаласындағы медициналық-демографиялық жағдайдың салыстырмалы түрде оң сипатталатынын көретті. 2012 жылдан бергі кезеңде Астана қаласы бойынша негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жағымды өзгерістері байқалған. Қала халқының саны қарқынды өсім көрсетуде;  туу саны артып, өлім-жітім азаюда, сондай-ақ күтілетін өмір сүру ұзақтығы артты.

Алайда, талданып отырған кезеңде жекелеген ауру түрлері бойынша ахуал нашарлап, нәтижесінде 2016 жылы қала халқының жалпы ауру-сырқау көлемі  2015 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға ұлғайған. Жаңадан пайда болған қатерлі ісік санының артуы байқалды. Қанайналым жүйесі ауруларының төмендеуімен бірге осы дерттен болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің артуын  атап өтуге болады.

Сонымен бірге, аудиторлық іс-шара қорытындылары бойынша бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне кері әсерін тигізетін бірқатар жүйелік сипаттағы кемшіліктер анықталды. 

Біріншіден, бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру тиімділігінің төмендігі.

Осылайша, Денсаулық сақтау басқармасымен Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен көзделген 1 жалпы тәжірибе дәрігеріне келетін тіркелген халық саны (Мемлекеттік бағдарлама бойынша – 1 954,0 адам, іс жүзінде – 2 289,5 адам) және ТМККБК шеңберінде жалпы дәрілік қамсыздандырудың жалпы көлемінен амбулаторлық дәрілік қамсыздандыру үлесі бойынша (Мемлекеттік бағдарлама бойынша – 56%, іс жүзінде – 42%) 2016 жылға арналған аралық көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемесін, Елді аумақтың-кеңістіктік дамытудың болжамдық схемасын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту жоспарларын бұза отырып:

- Басқарманың Мемлекеттік бағдарлама бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру туралы 2016 жылғы 10 қаңтардағы № 16-2/114-И ақпараты бекітілген нысанға сәйкес келмейді;

- төменде берілген жекелеген көрсеткіштерге іс жүзінде қол жеткізу және іс-шараларды орындау туралы ақпарат жоқ:

1-мақсат «Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту» «Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту» 1-міндетінің 10 көрсеткішінен 9-ы бойынша;

2-мақсат «Тиімділікке, қаржылық тұрақтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттануының деңгейі нысаналы индикаторын орындау туралы;

ҚР туберкулезбен күресу жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру және АИТВ/ЖИТС алдын алу және күрес бойынша іс-шараларды орындау туралы, сондай-ақ 3 іс-шараны қоса орындау туралы.

- жоспарлық және іс жүзіндегі мәліметтерді дұрыс көрсетпеу фактілері орын алған.

Астана қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жекелеген олқылықтар бар, атап айтқанда:

  • Бағдарламаны және Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мерзімдері әр түрлі: Бағдарламаның мерзімі – 2016-2020 жылдар, Мемлекеттік бағдарламаның мерзімі – 2016-2019 жылдар, осының салдарынан бағдарламалардың күтілетін тікелей және соңғы нәтижелеріне қол жеткізу бойынша есепті мәліметтерді өзара салыстыру бойынша тәуекелдер артады, аталмыш бағдарламаларды іске асыруды бағалау және объективті қорытынды ұсыну міндеттері қиындай түседі;
  • жергілікті деңгейде денсаулық сақтау жүйесін дамытудың Мем. бағдарламаның тиісті баптарына енгізілген бірқатар жүйелік проблемалары Бағдарламада сипатталмаған (мысалы, Бағдарлама орындаушылық органдар қызметін үйлестіру, медициналық қызметкерлер еңбекақысының төмен деңгейі және т.б. проблемалардың сипаттамасын қамтымайды), нәтижесінде осы мәселелерді шешу бойынша шаралар көзделмейді, негізінде олар Мем. бағдарламада қарастырылған проблемаларды шешу шараларымен қабысуы қажет; осылайша денсаулық сақтау саласындағы жүйелік проблемаларды шешуге септесу және Мем. бағдарлама мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосу бөлігінде Бағдарламаны жүзеге асыру тиімділігінің төмендеу қаупі арта түседі;
  • Бағдарлама және Мем. Бағдарлама мазмұнын құрылымдау әдістері бойынша ерекшеленеді, осыдан бағдарламалық құжаттарды әзірлеуде қолданылатын негізгі ұғымдарды бұрыс түсіндіру тәуекелі артады (әдіснамалық сипаттағы кемшіліктер);
  • Бағдарлама және Мем. Бағдарламаның негізгі категорияларды қолдану бөлігінде де біркелкі болмау салдарынан бағдарламаларды орындау туралы толық емес әрі анық емес есептілік қалыптастыру, сондай-ақ Бағдарламаны Мем.бағдарлама мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде жүзеге асыру тиімділігінің төмендеу тәуекелі артады;
  • Бағдарламада және Мем. бағдарламада терминдерге (категорияларға) әр түрлі түсіндірме берілген: мысалы, Мем. бағдарлама бойынша «15-49 жас аралығындағы топта АИТВ-инфекциясының таралуы» термині (категориясы) нәтиже көрсеткіші, ал Бағдарлама бойынша – нысаналы индикатор ретінде берілген, бұл әдіснамалық сипаттағы кемшілік болып табылады;
  • Бағдарламада және Мем. Бағдарламада мақсаттарға қол жеткізудің жолдары әр түрлі анықталған, Мем. Бағдарламаға сәйкес іске асыру механизмдерінің кең ауқымы қамтылған, оның ішінде: қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерін құру, медициналық қызметтердің сапалылығын қамтамасыз ету, адам ресурстарын басқару тиімділігін арттыру, медициналық білім беруді жаңғырту, инновацияларды және медициналық ғылымды дамыту (Бағдарламада көзделмеген), осының салдарынан Бағдарламаның Мем.бағдарлама мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде жүзеге асыру тиімділігінің төмендеу тәуекелі арта түседі.

Екіншіден, скринингтік зерттеулерді ұйымдастыру, жоспарлау және өткізу бойынша тиімді ұстанымдар қолданбау.

         - халықты жекелеген скринингтік зерттеулер түрлерімен қамту деңгейінің төмен көрсеткіші, бұл жалпы алғанда скринингтік зерттеулердің тиімділігін төмендетеді;

  • кейбір емханалардың скринингтік зерттеу жоспарларын скринингтен өтуге жататын тұлғаларға динамикалық бақылау жүргізусіз және/немесе оны ескерусіз қалыптастыру, осының салдарынан скринингпен анықталатын аурулары бар тұлғалардың скринингтен тыс қалу мүмкіндігі пайда болады;
  • қалалық емханаларды скринингтік зерттеулерді ұйымдастыру, жоспарлау және өткізу мәселелері бойынша әдіснамалық қамсыздандырудың жетімсіздігі есебінен Басқарманың және қала емханаларының тиісті бағыттағы қызметін ұйымдастырудың тиімсіздігі артады.

Үшіншіден, бюджеттік заңнама нормаларына сәйкес бюджетті жоспарлау кезінде негізділік қағидаты - бюджет шығындарын олардың қажеттілігін негіздейтін нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттарға сәйкес анықталуы - сақталуы тиіс.

Аудит нәтижелері бойынша қаражатты жоспарлау негізділігі бөлігінде  Денсаулық сақтау басқармасымен жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда: 003 «Біліктілікті арттыру және кадрлар даярлау» және 027 «Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау» бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау кезінде бюджеттік өтінімде ақпараттың және есептеулердің анықтығын қамтамасыз ету бөлігінде жіберілген қателіктер жоспарланған қаражаттың 25,5 млн. теңге сомасына асыра көрсетілуіне әкеп соқан.

Мұнымен қоса, Бюджет кодексінің 97-бабы 6-тармағын бұза отырып, Денсаулық сақтау басқармасымен медициналық ұйымдарға ТМККБК шеңберінде 39,8 млн. теңге жалпы сомасына негізсіз төлем жүргізу фактілеріне жол берілген.

037 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу» бюджеттік бағдарламасын іске асыру аясында Денсаулық сақтау басқармасы 4 объектіде ағымдағы жөндеу түрінде, бірақ шын мәнінде 142,0 млн.теңге сомасына күрделі сипаттағы жұмыстарды жүргізген, бұл жағдайда сәулет және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес тиісті сараптама жүргізіліп, жобалау-сметалық құжаттамамен қамтамасыз етілуі тиіс. 1,4 млн. теңге жалпы сомасына сапасыз орындалған және орындалмаған жөндеу жұмыстары төлемге қабылданған.

ТМККБК шеңберінде сатып алынған дәрілік заттар мен препараттарды ақылы қызмет көрсету кезінде пайдалану жағдайлары орын алған: Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы - 4,6 млн. теңге сомасына; Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы - 1,2 млн. теңге.

Төртіншіден, медициналық ұйымдар шығындарын өтеудегі жүйелік кемшіліктер.

Осылайша, 7 денсаулық сақтау ұйымы бойынша жедел жәрдем қызметтерінің жолдауымен, емханалар жіберген және өздері келген медициналық қызметке жүгінген науқастардың жалпы саны 2015 жылы – 238 687 адамды, 2016 жылы – 290 573 адамды құрады. Оның ішінде ауруханаға жатқызудан 2015 жылы 156 329 адамға бас тартылса, 2016 жылы – 195 222 науқасқа бас тартылды. Бас тарту санының үлесі 2015 жылы 65,4%-ды, 2016 жылы – 67,2%-ды құрады. Бұл ретте, Шығындарды өтеу қағидаларымен ауруханаға жатқызудан бас тартылған емделушілер бойынша шығындарды өтеу мәселелері реттелмеген (диагностикалық зерттеулер және т.б.). Мысалы, 2016 жылы № 2 Қалалық балалар ауруханасы бойынша 191,7 млн.теңге сомасында шығындары өтелмесе, №1 Қалалық аурухана бойынша – 68,8 млн. теңге. Сонымен бірге, стационарда 24 сағаттан аз болған науқастар бойынша толық ем қабылдаған ретінде шығындарды өтеу тәжірибесі байқалады.

Бесіншіден, дәрілік қорларды басқару және дәрілік қамтамасыз ету тиімсіздігі.

Аудит нәтижелері бойынша Денсаулық сақтау басқармасының 2016-2017 жылдары «СК-Фармация» ЖШС-нен дәрілік заттарды оларға деген нақты қажеттіліктен анағұрлым артық көлемде сатып алу фактілері анықталды, бұл 36,7 млн. теңге жалпы сомасында бюджеттік қаражаттың тиімсіз пайдаланылуына әкеп соқты. Дәрілік заттарға қажеттілікті жоспарлау кезінде олардың жыл басына қалған қалдығын ескермеу 2017 жылға жекелеген дәрілік заттар бойынша 208,0 млн. теңге сомасының артық жоспарлануына әкелді.

Екінші жағынан, емделушілерді кейбір өмірлік маңызы бар дәрілермен тегін қамтамасыз етпеу жағдайлары орын алуда. Мәселен, 2016-2017 жж. гепатит бойынша диспансерлік есепте тұратын 748 адамның емделуіне қажетті Тенофовир препараты сатып алынбаған. Өмір бойына белгіленетін бұл препаратты өз есебінен сатып алу оның бағасының жоғары болуы себепті науқастардың көпшілігі үшін орындалмас міндетке айналады (бір адамға бір жыл мерзіміне есептегенде - 2,0 млн. теңге).

Денсаулық сақтау басқармасы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары 103,0 млн. теңге жалпы сомасына дәрілік заттарды жүйесіз қайта бөлу және беру фактілеріне жол берген. Дәрілік заттарды сатып алуға қаражатты жоспарлау кезінде жіберілген есеп-қисап қателіктері Онкология орталығының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 1,3 млрд. теңге сомасында кредиторлық берешегінің пайда болуына әкеп соқты.

Алтыншыдан, медициналық жабдықтардың ұзақ уақыт бойы істемей тұруы көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына кері әсерін тигізеді.

Аудит нәтижелері бойынша түрлі себептер бойынша жалпы құны 1,2 млрд. теңгелік жабдықтардың істемей тұруы фактілері анықталды.