«Астана қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялауға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит» аудиторлық іс-шарасының қорытындылары бөлінген бюджет қаражаты елорданың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жай-күйіне оң әсер етіп, бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізілгенін көрсетті.

Сонымен бірге, аудит объектілері жұмысының жекелеген бағыттар бойынша жетімсіздігінен Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамасының бұзушылықтарына әкелді.

Мемлекеттік аудитпен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау тетігі қолданыстағы заңнамамен белгіленген нормалардан кейбір ауытқушылықтармен іске асырылады.

Біріншіден, «Өркен қала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұлғасында уәкілетті ұйыммен қолданыстағы заңнама нормаларына қарамастан, жөндеу жұмыстары бойынша Бас мердігердің функциялары жүзеге асырылмайды.

Екіншіден, орындалған жұмыстарды қабылдауға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары, жөнделіп жатқан объектілердегі орынжайлардың (пәтерлердің) меншік иелері қатарынан жалпы жиналыста тағайындалуы тиіс жауапты тұлғалар (кемінде жеті адам) қатыспаған.

Үшіншіден, орынжайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне жүргізілген күрделі жөндеу үшін ақша қаражаттарын төлемге ұсынбаудың (уақтылы ұсынбаудың) жекелеген жағдайлары анықталды.

Орынжайлардың (пәтерлердің) меншік иелері қайтаратын ақша қаражаттарын көп пәтерлі үйлерді жөндеуге қайта пайдалану мақсатында уақтылы игермеу фактілері орын алған, бұл модернизациялау бағдарламасымен қамтылған кондоминиум объектілерінің сандық көрсеткіштеріне кері әсер етеді.

Орынжайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жөндеу жұмыстарына жұмсалған ақша қаражаттарын уақтылы қайтару бөлігінде оң үрдіс байқалғанымен, талап ету жұмыстарын ұйымдастыруда кемшіліктер орын алуда.