Салықова Алмагүл Асылханқызы

Салықова Алмагүл Асылханқызы

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі

1976 жылы 1 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. Жоғары филологиялық, заңгерлік және экономикалық білімдері бар, сертификатталған мемлекеттік аудитор және жоғары санатты мемлекеттік аудитор.

Мансабы

Мемлекеттік қызмет өтілі 20 жылдан астам, Әділет министрлігінде, Жер ресурстарын басқару агенттігінде, сот және банк жүйелерінде және Жоғары аудиторлық палатасында жұмыс істеді. Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 146/18-VIII шешімімен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

«Үздік мемлекеттік қызметші», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» төсбелгілерімен, «Астана - 20 жыл»  мерейтойлық медалімен марапатталған.