Ағымдағы жылғы 23 қаңтарда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында Астана қаласының балалар үйлерін қамсыздандыруға бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылу тиімділігін бағалаудың қорытындысы шығарылды.

Бақылаудың қорытындылары Балалар үйінің ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды оқыту, тәрбиелеу үшін жағдайды жасау, тұрғын үй орындарын беруге бағытталған қызметі балалар үйлерінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне жалпы сәйкес келетінін көрсетті.

Балалар үйі қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып баланың құқықтық мәртебесін анықтау рәсімінің ұзақтығы болып отыр.

Аталған жағдай Қазақстан Республикасында жетім балалардың құқықтық мәртебесін анықтаудың нақты мерзімдері мен тәртібін реттейтін нормативті-құқықтық құжаттың жоқтығымен байланысты.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға және ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.