2015 жылдың 24 ақпанында Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Сессияда «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде мәселе қарастырылды.

Өзгерістерді енгізу қажеттілігі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы» 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 11 ақпандағы № 1-НҚ нормативтік қаулысын қабылдаумен байланысты.

Мәслихатпен тиісті шешім қабылданды.