Ағымдағы жылғы 19 наурызда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған және Қазақстан Республикасында құқық бұзушылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған бағдарламаларын іске асыруға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы шығарылды.

Бақылаудың қорытындысы «2011-2013 жылдарға арналған Астана қаласында құқық бұзушылық профилактикасы» аймақтық бағдарламасын іске асыру Астана қаласында қылмыстар мен құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге ықпалын тигізбегенін көрсетті.

Сонымен бірге, «2012-2016 жылдарға арналған Астана-есірткісіз қала» жоспарын 2012-2014 жылдары іске асыру осы салада жағдайдың жақсаруына себебін тигізіп, бұл Астана қаласында есірткіні қолданатын тұлғалардың саны 100 мың адамға шаққанда тұрғындардың нашақорлықпен ауыру деңгейінің, сондай-ақ тіркелген жалпы қылмыстар санынан есірткі қылмысы үлесінің төмендеуі бойынша көрсеткіштерді айғақ етеді.

Өз кезегінде, аталған бағдарламалық құжаттардың іс-шараларын іске асыруға тиісті мониторингтің жоқтығы, сондай-ақ аталған бағдарламалардың тармақтарын орындау бойынша жауапты мемлекеттік органдармен есептілікті ұсынбауы атап өтіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер