Ағымдағы жылғы 15 сәуірде Астана қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бақылау-талдамалық іс-шараның қорытындысы қарастырылды

Бақылаумен бюджеттік даму бағдарламаларының әкімшілерімен жетекшілік ететін салалар бойынша инвестициялық жобаларды жүйелі жоспарлау тиісті түрде жүзеге асырылмайтындығы атап өтіледі.

Бюджет қаражаттары көптеген объектілер бойынша бытыраңқы бөлінген, қаржы жылы ішінде жекелеген жобалардың іске асырылуы тоқтатылуда, инвестициялық жобалардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бюджет қаражаттары әкімшінің қарауы бойынша қайта бөлінуде.

Нәтижесінде, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен елорданың бекітілген үш жылдық бюджетінде басымдық бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша қабылданған шешімдердің сабақтастық принципі қамтамасыз етілмей отыр.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер