Ағымдағы жылғы 15 сәуірде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында жергілікті атқарушы органның резерв қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін, Астана қаласының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дебиторлық және кредиторлық берешектерінің пайда болуының анықтығы мен негізділігін қаржылық бақылаудың қорытындысы қарастырылды

Бақылаумен жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген қаражаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып пайдаланылғаны атап өтіледі.

2014 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дебиторлық берешегі 2013 жылмен салыстырғанда 12 597,5 млн. теңгеге азайып, 46 283,8 млн. теңгені құрады.

Сонымен бірге, 2014 жылы кредиторлық берешек сомасы 2013 жылмен салыстырғанда 4 067,3 млн. теңгеге ұлғайып, 6 912,2 млн. теңгені құрады.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер