Ағымдағы жылғы 14 мамырда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Бейбітшілік және келісім сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнында жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу және мемлекет активтерінің басқарылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды

Кәсіпорынның қызметі мәдениет саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға бағытталған және квазимемлекеттік сектор субъектілерін құрудың Жарғысына, негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.

Сонымен қатар, Кәсіпорынның жекелеген бағыттар бойынша жеткіліксіз жұмысы байқалып, бұл Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнама бұзушылықтарына алып келді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі басты мәселесі іс-шараларды өткізу бойынша ақылы қызметтерді Мәдениет басқармасының өкіміне сәйкес ақысыз негізде жүйелі түрде көрсету болып табылады, бұл өз кезегінде Кәсіпорынның қаржылық жағдайына теріс әсерін тигізіп, залалдарға жәрдем ақша беру бойынша жергілікті бюджеттің шығындарын ұлғайтады.

Кәсіпорынның шығындарын оларды оңтайландыру жолымен басқару тиімділігін жоғарлату қажеттілігі туындап отыр, оның ішінде әкімшілік шығыстарға, сондай-ақ штаттық саны мен еңбек жалақысы қорына ерекше назар аудару қажет.

Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға және «Бейбітшілік және келісім сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнына нақты тапсырмалар берілді.    

Мәжілістен фотосуреттер