Ағымдағы жылғы 14 мамырда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының перзентхана ұйымдарында мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды

Перинаталдық орталықтардың қызметі әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде акушериялық-гинекологиялық көмек, сондай-ақ нәрестелерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсетуге бағытталған және квазимемлекеттік сектор субъектісін құрудың негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.

Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды талдау өкілетті органмен ведомстволық бағынысты ұйымдардың бухгалтерлік есеп және есептілік, мемлекеттік сатып алу салаларында заңнамаларды, тиесілік нормаларын және т. б. сақтауына бақылау тиісті деңгейде жүзеге асырылмайтындығын көрсетті, соның салдарынан бақылаумен көптеген жүйелік бұзушылықтар анықталды.

Бұл ретте, Тексеру комиссиясымен анықталған бұзушылық фактілерінің басым бөлігі өткен бақылау іс-шараларында да атап өтілді, алайда жағдай өзгерілмеді.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға және ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.