Ағымдағы жылғы 28 мамырда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылау қорытындылары шығарылды (әрі қарай — Мемлекеттік бағдарлама).

Тексеру комиссиясымен анықталғаны Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудағы басты мәселелердің бірі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін жауапты органның жоқ болуы болып табылады.

Осыған байланысты іс-шаралар Жоспарын тұтастай алғанда, және көзделген іс-шаралардың орындалмау себептеріне немесе толық орындалуын жүзеге асыруда тиісті мониторинг жүргізілмейді. Кейбір мемлекеттік органдарға, олардың құзіретіне жатпайтын іс-шаралар бекітілген. Көптеген іс-шараларды жүзеге асыру бойынша толық көлемде емес немесе мүлдем механизмдер ойластырылмаған.

Бақылаумен анықталғаны, 2014 жылға іс-шаралар Жоспары бойынша жекелей іс-шаралар орындалмаған, оның ішінде іс-шаралар Жоспарында тиісінше қаржыландырудың болмауынан.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер