Ағымдағы жылғы 12 маусымда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Жастар» сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнында жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу және мемлекет активтерінің басқарылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды

Кәсіпорынның қызметі мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге, көрмелер, фестивальдар, концерттер мен байқаулар ұйымдастыруға, сондай-ақ мәдениет саласындағы өзге де қызметтерді көрсетуге бағытталған.

Бақылаудың қорытындысы Кәсіпорынның жекелеген бағыттар бойынша жеткіліксіз жұмыс жүргізетіндігін, бұл Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнама бұзушылықтарына алып келгендігін көрсетті.

Атап өтсек, Кәсіпорынның қызметіндегі басты мәселелердің бірі төмен қаржылық тәртіп болып отыр, бұл соңында мемлекеттік мүлікті тиімсіз пайдалануға және қаражаттарды тиімсіз жұмсауға әкеліп соқтырады.

Коммуналдық мүлікті жалға беруді ақысыз негізде иә болмаса төмендетілген мөлшерлемен ұсыну тәжірибесі жалғасуда, бұл жалға беруден түсетін едәуір қаражаттың толық түспеуіне әкеледі.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға және «Жастар» сарайы» МКҚК тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер