Ағымдағы жылғы 12 маусымда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Қазақстан» орталық концерт залы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнында жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу және мемлекет активтерінің басқарылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды

Кәсіпорынның жекелеген бағыттар бойынша жеткіліксіз жұмысы байқалып, бұл Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнама бұзушылықтарына алып келді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі басты мәселесі Мәдениет басқармасының өкіміне сәйкес іс-шараларды өткізу бойынша ақылы қызметтерді ақысыз негізде жүйелі түрде көрсету болып табылады, бұл өз кезегінде Кәсіпорынның қаржылық жағдайына теріс әсерін тигізіп, залалдарды субсидиялау бойынша жергілікті бюджеттің шығындарын ұлғайтады.

Сонымен бірге, залалдарды жабуға арналған бөлінген бюджеттік субсидиялар сомасы Кәсіпорынның нақты алынған залалдар сомасымен сәйкес келмейді.

Едәуір бюджет қаражаттары жұмсалатын Басқармамен жасақан келісімшарттарды орындау барысында, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінде белгіленген мемлекет активтерін пайдаланудың негізділік және тиімділік принциптері көбінесе сақталмайды.

Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласының Мәдениет басқармасына және «Қазақстан» орталық концерт залы» МКҚК тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер