Ағымдағы жылғы 12 маусымда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Көлік және коммуникация колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнында жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу және мемлекет активтерінің басқарылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды

Мамандарды дайындауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға бағытталған Колледждің қызметі, жалпы алғанда техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің басты мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.

Сонымен қатар, бақылаудың қорытындысы Кәсіпорынның жекелеген бағыттар бойынша жеткіліксіз жұмыс жүргізетіндігін, бұл Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнама бұзушылықтарына алып келгендігін көрсетті.

Атап өтсек, мысалға Колледж қызметіндегі басты мәселелердің бірі даму жоспарының көрсеткіштерін орынсыз жоспарлау болып табылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастырғанда еңбек нарығындағы әр түрлі мамандықтардың қажеттілігі ескерілмейді.

Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласының Білім басқармасына және «Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер