Ағымдағы жылғы 25 маусымда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасында жүргізілген бақылаудың қорытындысы қарастырылды

Бақылаумен Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының бюджеттік бағдарламаларды әзірлегенде Астана қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында белгіленген мақсаттар, міндеттер және нысаналы индикаторлар ескерілмейтіні атап өтіледі.

Бұдан басқа, Басқармамен еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген, сондай-ақ Басқарманың Ережесінде бекітілген жекелеген міндеттер мен функциялар тиісті деңгейде жүзеге асырылмай отыр.

Отырыс қорытындысы бойынша өкілетті мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер