Ағымдағы жылғы 25 маусымда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында «Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны» МКҚК-да мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы шығарылды

Кәсіпорынның нақты қызметі табиғатты қорғау, қоршаған ортаны және табиғатты пайдалануды қорғау саласында өндірістік және шаруашылық қызметті жүзеге асырумен, тұрғындардың өмір сүруі үшін экологиялық тепе-теңдікті және қолайлы ортаны құру, экологиялық туризмді дамытумен байланысты екендігі анықталды.

Сонымен қатар, Кәсіпорын жұмысында жобалық-сметалық құжаттамада көзделмеген көрсетілген қызметтер бойынша анық емес мәліметтермен орындалған жұмыстар актілерін жасау, сондай-ақ жарғыда көрсетілмеген қызметтерді жүзеге асыру бөлігінде жекелеген кемшіліктер атап өтіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша өкілетті органдар мен ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер