Ағымдағы жылғы 7 шілдеде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының Тұрғын үй басқармасына жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалаудың қорытындысы қарастырылды

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде Тұрғын үй басқармасының негізгі қызметі мемлекеттің мұқтаждықтары үшін жер учаскілерін алып қою (сатып алу) және жылжымайтын объектілерді көшіру, сондай-ақ апатты тұрғын үйлерді көшіру бойынша бюджет қаражаттарын мақсатты белгіленуі бойынша пайдалануға бағытталған.

Сонымен қатар, бақылаудың қорытындысы Басқармада жекелеген бағыттар бойынша жеткіліксіз жұмыстың жүргізілетіндігін, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнама бұзушылықтарына алып келгенін көрсетті.

Басқарма қызметіндегі басты проблемалардың бірі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде нысаналы индикаторлар мен бюджет қаражаттарын жоспарлау бөлігінде жеткіліксіз жұмыс болып табылады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және сәулет қызметі туралы заңнамаларының талаптарын сақтау кезінде жүйелі бұзушылықтар анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша Тұрғын үй басқармасына тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.