Ағымдағы жылғы 30 шілдеде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдарына елорданың құрама командаларын дайындауға және спорт ұйымдарын спорттық бұйымдар және құрал-жабдықтармен жабдықтандыруға бөлінген бюджет қаражаттары мен мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды

Бақылаумен жекелеген спорт мектептері мен клубтардың балансында әкімшілік персоналды орналастыруға, жаттықтыру процесін және оқу-жаттықтыру жиындарын өткізуге арналған ғимараттар мен жайлардың жоқ екендігі атап өтіледі. Жекелеген спорт ұйымдарында спорт жабдықтары мен бұйымдардың әбден тозығы жеткен.

Спорт ұйымдарында бухгалтерлік есепті жүргізу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу, сондай-ақ олар бойынша даму жоспарлары мен есептерді жасау және бекіту бойынша жұмыстар тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер