Ағымдағы жылғы 30 шілдеде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасының Астана қаласында іс-шаралардың іске асырылуын бағалаудың қорытындысы қарастырылды

Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасының Астана қаласында іс-шаралардың іске асырылуының қорытындысы жалпы алғанда, Бағдарламаның іске асырылуы материалдық-техникалық базаның нығаюына, ғылыми негізделген тиімділікпен диагностика және емдеудің жоғары технологиялық әдістеріне қол жетімділікті жоғарлатуға ықпалын тигізді.

Сонымен бірге, 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы өлім-жітімнің 1,7%-ға ұлғаюы атап өтіледі.

Өлім-жітімнің ұлғаю тенденциясы ағымдағы жылы да байқалады.

Меморандумда қарастырылған алғашқы медициналық-мамандандырылған көмек беру ұйымдарында онкологиялық, маммологиялық, проктологиялық және ауруды қарайтын кабинеттерді ашуға қол жеткізілмеді.

Қалада жас ерекшеліктері бойынша скринингтік тексеруге түсетін мақсаттық топтар толық көлемде қамтылмай отыр.

Бұл ретте, скринингтік тексеру жолымен қатерлі ісіктің алдын-алу диагностикасы Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Елорданың Онкологиялық орталығының алдында республиканың өзге аймақтарындағы онкологиялық диспансерлердің дебиторлық берешегінің өсуі өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр.

Отырыс қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасына, «Онкологиялық орталық" ШЖҚ МКК-ға және қалалық емханаларға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер