Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасына жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды

Бақылаумен Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасымен бюджеттік бағдарламаларда қарастырылған тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштеріне толық деңгейде қол жеткізілмегендігі атап өтіледі.

Жергілікті бюджет есебінен салынған Мал қорымы жұмыс жасамай тұр және мақсатты орны бойынша пайдаланылмайды.

Тиісті сақтау рәсімінің сақталмауынан және уақтылы іске асырылмауынан Тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының басым бөлігі жарамсыз  болып қалған және одан әрі қайта өңдеуге келмейді.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер