Ағымдағы жылғы 25 наурызда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында жекелеген заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігі мәселелері бойынша аудиторлық іс-шараның қорытындысы қарастырылды

Аталған сұрақ бойынша мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмысы тұтастай алғанда жақсаруға бет алған.

Бюджеттік инвестициялардың қаржылық экономикалық негіздемелерінің (әрі қарай — ҚЭН) көрсеткіштері 065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бюджеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді, жобалардың ҚЭН құрылымын талдау олардың ҚЭН әзірлеу ережелерінің талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетті.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудитпен бюджеттік инвестициялардың ҚЭН жоспарлау және іріктеу кезінде негізгі проблемалық мәселе болып тек квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тарапынан ғана емес, сондай-ақ барлық қатысушы мемлекеттік органдар, оның ішінде Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы тарапынан формалдық тәсіл екендігі анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне нақты тапсырмалар берілді.

Мәжілістен фотосуреттер