Ағымдағы жылдың 13 мамырында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігіне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің қорытындысы қарастырылды

Жалпы алғанда, бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп, қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, БИЖ-дің іске асырылуына тиісті мониторинг жүргізу бойынша мәселелер бар, соның салдарынан бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен жекелеген инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражаттары асыра жоспарланған.

Басым жобалар тізбесіне кіргізілетін инвестициялық жобалардың негізділігін бағалау бойынша жүйелі тәсілдің жоқтығы көптеген өзгертулер мен толықтыруларға, сондай-ақ жобалардың іске асырылу мерзімдерінің бұзылуына және олардың қымбаттауына әкеліп соқтырады.

Отырыс қорытындысы бойынша өкілетті мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер