Ағымдағы жылдың 13 мамырында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында жергілікті атқарушы органның резерв қаражатының пайдалануына, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дебиторлық және кредиторлық берешектерінің пайда болуының анықтығы мен негізділігіне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің қорытындысы қарастырылды

2015 жылдың қорытындысы бойынша 2014 жылмен салыстырғанда дебиторлық және кредиторлық берешектердің көлемі 5,4%-ға және сәйкесінше 51,0%-ға қысқарды.

Сонымен қатар, берешектер көлемінің төмендегеніне қарамастан өткен жылдардың дебиторлық берешек үлесінің 0,7%-ға және кредиторлық берешектің 57,6%-ға ұлғайғандығы байқалады.

Өткен жылдардағыдай, дебиторлық және кредиторлық берешекті өтеу кестесін орындаудың төмен деңгейі байқалып, 2015 жылдың қорытындысы бойынша дебиторлық берешек жоспардан 44,2%-ды, кредиторлық берешек 73,8%-ды құрады.

Отырыс қорытындысы бойынша өкілетті мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.