Ағымдағы жылдың 13 мамырында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында өзiнiң мазмұны бойынша Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы есебіне қорытынды болып табылатын Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебі Тексеру комиссиясымен қарастырылды және мақұлданды

Есепте макроэкономикалық жағдайды, 2015 жылы жергілікті бюджеттің атқарылуын, Астана қаласында мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін, мемлекеттік органдармен бюджет қаражаттарын пайдалануын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерімен мемлекет активтерін пайдалануына талдау ұсынылған.

Сонымен бірге, бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігі мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Жүргізілген талдау негізінде бюджет қаражаттарының пайдаланылу тиімділігін арттыру бойынша тиісті тұжырымдар қалыптастырылып, ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен Астана қаласы мәслихатының қарауына Есепті енгізу туралы тиісті қаулы қабылданды.