Ағымдағы жылдың 26 мамырында Астана қаласы мәслихатының төртінші кезектен тыс сессиясының отырысында өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2015 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебі қарастырылды және бекітілді

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.Ө. Молдаш 2015 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуының негізгі қорытындыларын ұсынып, 2015 жылғы Есептің негізгі бағыттарын жариялады, мұнда 2015 жылы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдауға, Астана қаласында мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалауға, мемлекеттік органдармен бюджет қаражаттарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерімен мемлекет активтерінің пайдаланылуына айрықша назар аударылды.

Қорытындысы бойынша, мәслихат депутаттарымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамаларын сақтауды қамтамасыз ете отырып, нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізумен бюджеттік бағдарламаларды сапалы және тиімді іске асыру бойынша ұсынымдар берілді.

Төрағаның баяндамасы