Ағымдағы жылдың 27 мамырында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында жергілікті бюджет түсімдерінің салықтық әкімшілік ету тиімділігіне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің қорытындысы қарастырылды

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы елорданың мемлекеттік кіріс органдарымен бюджетке төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілетінін көрсетті.

Мемлекеттік уәкілетті органдармен ұсынылатын мәліметтер негізінде салық төлемдерін дұрыс есептеу мәселесі жөнінде камералдық бақылау жұмыстары кеңінен жүргізілуде және соның салдарынан камералдық бақылаумен қамтылған салық төлеушілердің үлес салмағы ұлғаюда.

Сонымен бірге, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы өсуіне қарамастан қала бюджеті өткен жылдардағыдай торығушылық жағдай бойынша бекітіліп, салықтық түсімдер көлемі нақты түсімдер бойынша жоспарланып, одан әрі түзетулер жүргізу тәжірибесі сақталуда.

Бұдан басқа, төлем көзінен салық алынбайтын жеке табыс салығы түсімдерінен, жекеменшік құқықта 12 айдан астам болған тұрғын үй-жай емес мүлік пен жер телімдерін сатудан, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жер салығын төлеуден жергілікті бюджетті толтыруға қосымша резервтер бар.

Аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Мәжілістен фотосуреттер