Ағымдағы жылдың 2 маусымында Түркия Республикасының жоғары мемлекеттік аудит органының (Есеп сотының) делегациясы Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясына жұмыс сапарымен келді

Жұмыс кездесуіне Астана қаласы мәслихатының депутаты, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы, Есеп комитетінің өкілдері, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы, мүшелері және аппарат басшысы қатысты.

Кездесу барысында Тексеру комиссиясы делегацияны өз қызметімен, құрылымымен, Тексеру комиссиясының негізгі міндеттері және миссиясымен таныстырды, сондай-ақ мемлекеттік аудитке көшу мәселелері жөнінде сөз қозғалды.

Есеп сотының өкілдері Тексеру комиссиясының Астана қаласының мәслихаты және Есеп комитетімен өзара іс-қимыл механизмдерімен танысты.

Сондай-ақ, Есеп сотының өкілдері Есеп сотының құрылымы және оның уәкілетті билік органдарымен өзара байланысы жөнінде сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында тараптар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Түркия Республикасының делегациясы қатысушыларына Астана туралы естелік сувенирлер тапсырылды.

Мәжілістен фотосуреттер