Ағымдағы жылдың 29 маусымында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының мемлекеттік мекемелеріне әкімшілік шығыстарға, сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен ресурстарды құруға, ұстауға және дамытуға бөлінген жергілікті бюджет қаражаттарының пайдаланылуына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің қорытындысы қарастырылды

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы қаражатты жоспарлау кезінде мемлекеттік органдардың жоспарланатын шығындарды растайтын қажетті негіздемелер мен есептер тиісті түрде әзірлемейтінін көрсетті, нәтижесінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен жекелеген ерекшеліктер бойынша қаражатты асыра жоспарлауға жол берілген.

Сонымен бірге, бюджеттік өтінімдерге есептемелер жасаудың сапасына Тексеру комиссиясымен өткен тексерістердің нәтижелерінде де бірнеше рет назар аударылған болатын. Алайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен осы мәселе бойынша жүйелі шаралар қабылданбады.

Сондай-ақ, мемлекеттік аудитпен әкімшілік шығыстарға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану кезінде жалақыны есептеу, іссапарлық шығыстарды өтеу, тиесілік нормалары және басқа да нормативтік құжаттардың дұрыстығына қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген бұзушылықтары анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер