Ағымдағы жылдың 29 маусымында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, қалалық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және мұрағат ісін жүргізуге бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылуына, сондай-ақ мемлекет активтерінің басқарылуына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің қорытындысы қарастырылды

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы, жалпы алғанда Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, қалалық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мұрағат ісін жүргізу бойынша қызметі көзделген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келетінін көрсетті.

Сонымен қатар, жүргізілген аудит нәтижелері бюджеттік бағдарламаларды іске асыруда құқықтық-нормативтік актілердің жекелеген талаптарының сақталмайтынын көрсетті.

Мысалға атап өтсек, Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен ведомстволық бағынысты ұйымдарға Аумақты дамыту бағдарламасында көрсетілген жергілікті атқарушы органның мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша ұйымдардың қызметін сипаттайтын сандық өлшемдегі негізгі көрсеткіштер жеткізілмейді.

Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер