Үстіміздегі жылдың 10 ақпанында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында кеңес өткізіліп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды

Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ. Молдаш өз сөзінде Елбасының Жолдауында атап өткен Қазақстанның үшінші жаңғыруы үрдісіндегі негізгі басымдықтар мен міндеттерге егжей-тегжей тоқталды.  

Ғ. Молдаш Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауымен экономика өсімінің орташа әлемдік деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және көшбасшы 30 елдің қатарына қосылу үшін тұрақты түрде ілгерілетуге бағытталған бес басымдық анықталғанын хабарлады.

Сонымен қатар, ол бағдарламалық құжатта мемлекет дамуының уақытпен тексеріліп, ақылға салынған нақты қадамдары ұсынылғанын, сондай-ақ оларды іске асыру бойынша айқын міндеттердің қойылғанын атап өтті.

Кеңес барысында Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы берілген брошюралар таратылды. 

Мәжілістен фотосуреттер