Үстіміздегі жылдың 17 ақпанында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында жедел медициналық жәрдем көрсету кезінде мемлекеттің және квазимемлекеттік сектор активтерінің тиімді басқарылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қарастырылды

Жалпы алғанда, жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын Кәсіпорынның қызметі оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келеді.

Кәсіпорын қызметіндегі басты міндет болып табылатын шақыртуларға қызмет көрсету кезіндегі кешігу уақытын қысқарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Сонымен бірге, елордалық Денсаулық сақтау басқармасына ұсынылатын ақпарат кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі мәліметтермен сәйкес келмейді.  

Бұдан бөлек, қосалқы станция  жұмысының білкелкі әрі жеткілікті болмауы, қолданыстағы арнайы автокөліктердің жоғары тозу деңгейі байқалады.

Қаржылық тәртіптің төмен деңгейі бюджеттік және басқа да заңнаманың өрескел бұзушылықтарына, мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуына әкеп соққан.

Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына және Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК-на тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Отырыстан фотосуреттер