Үстіміздегі жылдың 27 сәуірінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында мемлекеттік органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың қорытындылары қарастырылды

Мемлекеттік аудит қорытындылары көрсеткендей, әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бөлінетін едәуір қаражат көлеміне қарамастан, жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар тиімділігінің төмен деңгейі байқалады, жекелеген әлеуметтік жобалар іс-шараның көздеген проблемалық мәселелерінің ауқымын ашпайды.

Бұдан бөлек, іс-шаралар көбіне тек семинарлар, дөңгелек үстелдер, акциялар және т.б. өткізумен шектеледі, бір жолғы сипатта болады және, сәйкесінше, қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілмейді. 

Басқармалармен үкіметтік емес ұйымдардың жүргізілген зерттеулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б. нәтижесінде берген ұсынымдары мен ұсыныстарын орындау бойынша тиісті шаралар жеткілікті деңгейде қабылданбайды, 26 ұсынымның тек 3-еуі орындалған.

Аудит объектілерінің алдағы іс-шаралар мен жоспарланған шығыстар көлемі бойынша бюджеттік өтінімдерін зерделеу барысында, мемлекеттік мекемелердің өз өтінімдерін қалыптастыруда бюджеттік өтінім шығыстары бойынша есептеулерінің толықтығы мен анықтығы қамтамасыз етілмейді.

Осылайша, басқармалар Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің    67-бабы 12-тармағының нормаларын бұза отырып, жалпы сомасы 104,0 млн.теңгеге бюджеттік өтінімдерде көрсетілген есептеулердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етпеген.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.