Үстіміздегі жылдың 27 сәуірінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының жер ресурстарын бөлуге, сондай-ақ жер телімдерін сатудан түсімдердің толық әрі уақтылы түсуіне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары қарастырылды

Жалпы алғанда, қаланың жер ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында уәкілетті органдармен нақты жұмыстар жүргізілуде.

Осылайша, пайдаланылмайтын телімдерге қарсы іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Астана қаласы әкімінің орынбасары 2015 жылғы 15 шілдеде ҚР Бас прокурорымен келісілген Астана қаласында пайдаланылмайтын жерлерді толығымен алып қоюды қамтамасыз етудің жол картасы бекітілді.

Жол картасына сәйкес, пайдаланылмайтын және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер телімдерін анықтау бойынша тұрақты негізде мониторинг және зерттеу жүргізу көзделген.  

Аудит барысында ұсынылған құжаттарға сәйкес, 2016 жылы Жол картасы бойынша жалпы ауданы 4,9 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін пайдаланбаудың 78 фактісі анықталды.

Оң нәтижелермен қатар, жер қорын басқаруда қаланың жер ресурстарын тиімді пайдалануды толық көлемде қамтамасыз етпейтін уәкілетті органдардың қызметіне белгілі бір сұрақтар туындайды.

Жер қатынастары және Сәулет басқармалары арасында сатып алушыларға инженерлік желілер мен құрылыстарды пайдалануға беру мерзімдері, желілерге қосылудың техникалық шарттарын беру жөнінде ақпарат беру бөлігінде іс-әрекеттерді үйлестіру және одан әрі шешім қабылдау тиісті деңгейде реттелмеген, бұл жер телімдерін игеру мерзімдерінің созылуына әкеп соғады (2015-2016 жылдары жер телімдерін инженерлік-техникалық желілерге қосылу рұқсатынсыз жалға берудің 50 құқығы іске асырылған).

Қолданыстағы заңнаманың кемелсіздігінен өтінім берушілердің жерге орналастыру жобасын ұсыну мерзімі реттелмеген, сатып алушылардың аукцион өткізу рәсімін сақтамағаны және өздерінің шарттық міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапқа тарту шарасы белгіленбеген, жер заңнамасын бұзғаны үшін бұзушылықты жою туралы нұсқаманы ұсынудың және оны әділет органдарында тіркеудің нақты мерзімдері жоқ.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Альбом қарау