Үстіміздегі жылдың 27 сәуірінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында жергілікті атқарушы орган резерві қаражатының пайдаланылуына, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дебиторлық және кредиторлық берешегінің пайда болу анықтығы мен негізділігіне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары қарастырылды

2016 жылы бюджеттің шығыстар бөлігінде атқарылуы барысында мемлекеттік сектор ұйымдарының дебиторлық берешегі көлемінің (2015 жылы 43 765,4 млн. теңгеден 2016 жылы 44 950,7 млн. теңгеге дейін) және кредиторлық берешектің (2015 жылы 3 389,8 млн. теңгеден 2016 жылы 3 713,3 млн. теңгеге дейін) артуы байқалды. 2012 жылдан бері дебиторлық және кредиторлық берешек көлемінің айтарлықтай азайғанымен, уақтылы орындалмаған міндеттемелер сомасы едәуір үлкен болып сақталуда.

Осылайша, егер 2015 жылы өткен жылдардағы дебиторлық берешек көлемі 31,9 млрд. теңгені құраса, 2016 жылы 35,0 млрд. теңгеге жетті немесе дебиторлық берешектің жалпы сомасынан 78,0%-ды құрап отыр.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.