Үстіміздегі жылдың 19 мамырында Астана қаласы мәслихатының он бесінші кезектен тыс сессиясының отырысында мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органнын тиісті есебіне қорытынды болып табылатын 2016 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы Тексеру комиссиясының есебі қарастырылып, бекітілді

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.Ө. Молдаш Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мезоэкономикалық көрсеткіштерін белгіледі, 2016 жылғы Есептің басты бағыттарын атай келе, онда 2016 жылы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдауға, жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілерімен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін бағалауға басты көңіл бөлінгенін атады.

2016 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы Тексеру комиссиясының есебі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және қаланың әлеуметтік міндеттерін шешуге бөлінген бюджет қаражатын игеру тиімділігі бөлігінде есепті жылғы бюджеттің атқарылуының күшті және әлсіз тұстарына сипаттаманы қамтиды.

Астана қаласы мәслихаты депутаттарымен Есепті қарастыру нәтижесінде, бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып сапалы әрі тиімді іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнама талаптарын сақтау бойынша ұсынымдар берілді.

Төрағаның баяндамасы