Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс нәтижелері бойынша, Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 23 маусымдағы шешімінің негізінде Руслан Маратұлы Досаев және Егор Валерьянович Лебо Тексеру комиссиясының мүшелері лауазымына тағайындалды

Досаев Р.М. 2 жоғары білімі бар, мамандығы бойынша – қаржыгер және заңгер. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 15 жылдан астам. 2013 жылдан бастап 2017 жылдың мамыр айына дейін Астана қаласының Қаржы басқарамасының басшысы лауазымын атқарған.

Лебо Е.В. 2 жоғары білімі бар, мамандығы бойынша – инженер - экономист және заңгер. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі – мемлекеттік қаржылық бақылау саласында 14 жылдан астам. 2016 жылдың тамыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының лауазымын атқарған.