2017 жылғы 30 маусымда «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарындағы мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерінің басқарылуына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысын шығару бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Аудит қорытындылары бойынша Қоғам кірісінің ұлғаюы байқалады, сонымен бірге мемлекет активтерін басқаруда, жобаларды жүзеге асыруда, сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдарда қатысу кезінде кейбір кемшіліктер де бар.

Қоғам мен оның еншілес ұйымдарының қызметі Қоғам стратегиясымен көзделген міндеттердің тек кейбірін ғана жүзеге асыруға бағытталған.

Қоғамның еншілес ұйымдарының қызметі Даму стратегиясында белгіленген мақсаттарға сәйкес келмейді, жекелеген жағдайларда аталмыш ұйымдардың қызметі тек жылжитын және жылжымайтын мүлікті операциялық жалға берумен шектеледі.

Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарының басым көпшілігінің жұмысы тиімділігі мен нәтижелілігі төмен ретінде сипатталады.

Алдыңғы кезеңдердегі тұрақтандыру қорын қалыптастыру бойынша       іс-шаралар күтілген нәтижелерге әкелмеді, ал Қоғамның балансындағы көкөніс сақтау қоймалары мақсатына сәйкес толық көлемде пайдаланылмайды.

Мемлекеттік аудит нәтижесінде 3,9 млрд. теңге жалпы сомасына қаржылық бұзушылықтар, 1,2 млрд. теңгелік бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және 3,5 млрд. теңге жалпы сомасына рәсімдік бұзушылықтардың 41 фактісі анықталды.

Осылайша, Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша 5 ұсыным және 8 тапсырма берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.