Үстіміздегі жылдың 22 тамызында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдалану, сондай-ақ мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қарастырылды

Мемлекеттік аудит қорытындылары көрсеткендей, Астана қаласындағы медициналық-демографиялық жағдай салыстырмалы түрде оң сипатталады. 2012 жылдан бері Астана қаласы бойынша негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жағымды өзгерістері байқалған. Қала халқының саны қарқынды өсім көрсетуде;  туу саны артып, өлім-жітім азаюда, сондай-ақ күтілетін өмір сүру ұзақтығы артты.

Алайда, талданып отырған кезеңде жекелеген ауру түрлері бойынша ахуал нашарлап, нәтижесінде 2016 жылы қала халқының жалпы ауру-сырқау көлемі  2015 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға ұлғайған. Жаңадан пайда болған қатерлі ісік санының артуы байқалды. Қанайналым жүйесі ауруларының төмендеуімен бірге осы дерттен болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің артуын  атап өтуге болады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдамалық қызмет нәтижелері қаладағы денсаулық сақтау саласында төменде көрсетілген жүйелік сипаттағы проблемаларды көрсетті:

  • уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметіне жете бақылау жүргізбеуі;
  • бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру тиімділігінің төмендігі;
  • жекелеген медициналық ұйымдардың қаржылық тәртібінің төмен деңгейі;
  • ТМККБК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің айтарлықтай табысты болмауы;
  • медициналық ұйымдар шығындарын өтеудегі жүйелік кемшіліктер;
  • скринингтік зерттеулерді ұйымдастыру, жоспарлау және өткізу бойынша тиімді ұстанымдар қолданбау;
  • жекелеген медициналық ұйымдардың медициналық қызмет сапасын басқару саясатын тиімді жүргізбеуі;
  • уәкілетті органның және жекелеген медициналық ұйымдардың дәрі-дәрмек қорларын басқаруда және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде жете тиімді ұстаным мен тәжірибелерді жүзеге асырмауы;
  • бюджет қаражатының және ТМККБК бойынша қызметтерді көрсетуге қатысты мемлекет активтерінің үнемсіз әрі тиімсіз пайдаланылуы (медициналық техника мен жабдықтарды сатып алу және пайдалану);
  • жекелеген медициналық ұйымдардың медициналық кадрларды басқару саясатын тиімді жүргізбеуі.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Толығырақ »»