Үстіміздегі жылдың 22 тамызында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының мектепке дейінгі, орта және техникалық білім беру ұйымдарының бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары қарастырылды

Аудитпен Астана қаласы Білім басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) 4 278, 1 млн. теңге бюджет қаражатын және мемлекет активтерін қамтитын 13 ведомстволық бағынысты ұйымы, оның ішінде 3 мектеп, 2 колледж және 8 бөбектер бақшасы қамтылды.

Аудит барысында 1 427,2 млн. теңге жалпы сомасына Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 1 190,4 млн.теңге (оның өтеуге жататыны – 1,1 млн теңге және қалпына келтіруге жататыны – 1 189,3 млн.теңге), рәсімдік бұзушылықтар – 234,0 млн.теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 2,7 млн. теңге.

Аудит көрсеткендей, қазіргі таңға дейін ең өзекті мәселе балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметімен қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен бірге, қала мектептерінде сыныптардың толымдығы бойынша нормаларды асыру мәселесі де өзекті болып қалуда.

Жалпы алғанда, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, бухгалтерлік есеп және есептілік саласындағы заңнамасын жүйелі түрде бұзушылықтар, еңбекақы төлеу жүйесін сақтамау, бюджет шығыстарының жоспарлы көлемдерін асыру, даму жоспарларын жүзеге асыруды қамтамасыз етпеу, осы жоспарларға өзгерістер мен түзетулерді уақтылы енгізбеу, оларды іске асыру бойынша есептерді дұрыс тапсырмау сияқты едәуір кемшіліктер байқалады.   

 Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Толығырақ »