«Астана қаласының әлеуметтік саладағы мемлекеттік аудит объектілерінің жұмысында кездесетін жүйелік проблемалар мен кемшіліктер» тақырыбындағы семинар-кеңес

Үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен «Астана қаласының әлеуметтік саладағы мемлекеттік аудит объектілерінің жұмысында кездесетін жүйелік проблемалар мен кемшіліктер» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Аталмыш іс-шараға Астана қаласы мәслихатының депутаты, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері қатысты.

Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ. Молдаш өзінің алғысөзінде Тексеру комиссиясының қызметі қаржылық тәртіпті нығайту және Астана қаласының аумағында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ, ол аудиторлық қызметтің тек заңнама бұзушылықтары фактілерін анықтауды және ашуды ғана көздеп қоймай, бірінші кезекте олардың алдын алуға және барынша азайтуға септесуі қажет екендігін баса айтты.

Астана қаласы мәслихатының депутаты Қарақат Жақсылыққызы Әбден семинар тақырыбының маңыздылығын және осы іспеттес шараларды жүйелі түрде өткізу қажеттілігін атады.

Астана қаласының әлеуметтік саласындағы мемлекеттік аудит объектілерінің жұмысында кездесетін жүйелік бұзушылықтар, проблемалар мен кемшіліктер туралы Тексеру комиссиясының мүшесі Е. Лебо толық мағлұмат берді.

Құқық қолдану тәжірибесінің мәселелерін және қаржылық бақылаудың ден қою шаралары бойынша Тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі  Е. Рашидов баяндады.

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу аудиті бөлімі басшысының міндетін атқарушы С. Қалжанов мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың жекелеген сұрақтары бойынша егжей-тегжей түсіндірме берді, сондай-ақ әкімшілік практика туралы ақпарат ұсынды.

Мұнымен қоса, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде жиі туындайтын сұрақтарға жауап ұсынылып, бұзушылықтар бойынша түсіндірме берілді.   

Әлеуметтік сала ұйымдарының қаржылық қызметтерінің басшылары тарапынан да бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларын әзірлеуге қатысты сұрақтар қойылды.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен мемлекеттік аудит объектілерінің жұмысында кездесетін жүйелік проблемалар мен кемшіліктер бойынша өткізілетін семинар-кеңестер олардың пайда болу себептерін анықтауға, сонымен қатар кері салдарларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Осындай талқылаулар барысында бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін әрі қарай арттырудың, тікелей және соңғы нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізудің механизмдері қалыптастырылады.

Жалпы алғанда, семинар-кеңеске елорданың әлеуметтік саласының 140-тан астам ұйымының өкілдері қатысты.

Тексеру комиссиясының мүшесі Е.В. Лебоның баяндамасы

Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Е.Е. Рашидовтың баяндамасы

Альбомды қарау